Алматыда шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионатына 500 спортшы қатысуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең басталатын солтүстік спорт түрлерінен шаңғы жарысынан Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 31 спортшы қорғамақ.

Бұл туралы бүгін «Сұңқар» трамплин кешенінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Шаңғы спорты түрлері қауымдастығының бас хатшысы Игорь Жуков айтты.

«Аламан бәйгеде әлемнің 36 елінен 500-ге тарта спортшы бақ сынауда. Біздің еліміздің намысын 26 шаңғышы мен 5 трамплиннен секіруші қорғайды», - деді И.Жуков.

Оның айтуынша, аталған спорт түрі Алматыда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ақ қар, көк мұздағы аламан жарыс Алматы үшін 2017 жылы халықаралық Универсиаданы өткізуге үлкен тәжірибе әкелмек.

«Чемпионат бағдарламасына 3 спорт түрі кірді: шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, трамплиннен секіру. Қатысып жатқан атлеттердің барлығы 16 жасқа толған», - деді И.Жуков.

Айта кетейік, спортшылардың ресми жаттығуы бүгін басталды. Чемпионаттың ашылу салтанаты бүгін Республика сарайының алдында өтеді. Негізгі сайыс 3 ақпанда басталады.

Соңғы жаңалықтар