+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

2019 жылғы 7 қараша 11:05
Бөлісіңіз:
Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш қойылды Ақтөбеде Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш орнатылды Ақтөбеде құтқарушыларға арналған ескерткіш бой көтерді

Ескерткіш Республика сарайының солтүстік жағында қойылды.

«Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың маххабатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.


Ескерткіштің ашылуына өнер саласындағы азаматтар, өнерсүйер қауым, қаланың зиялы қауым өкілдері, композитордың жұбайы Жәмила Қалдаяқова және ұрпақтары келді.


«Бүгін сондай құтты күн. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет. Шәмші Қалдаяқов халықтың сүйген композиторы, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын», - деді Жәмила Қалдаяқова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT