Алматыда шамамен 20 млрд теңге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджетті нақтылау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жұмыс істейтін жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту, көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға, мемлекеттік гранттарға республикалық бюджеттен қосымша 11,6 млрд теңге бөлінді.

Жергілікті бюджетке сәйкес, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы көлемі 19,6 млрд теңгені құрайды. Бұл қала әкімінің Алматыны дамыту жөніндегі шетсіз қала қағидаты бойынша берген тапсырмаларының бірі.

Сонымен, білім беруге 1,2 млрд теңге бөлінеді (202 мектепке арналған оқулықтар сатып алу, № 40 мектепті сейсмикалық нығайту, Бостандық ауданындағы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 мектеп-интернат, Бостандық ауданындағы № 190 жаңа балабақша мен күндізгі балалар бақшасын жабдықтау. Түрксіб аудандарындағы № 187, Түрксіб, Бостандық және Медеу аудандарындағы 17 бөбекжай-балабақшаларына ағымдағы жөндеу үшін).

Денсаулық сақтауға - 180,5 млн теңге (қатерлі ісікпен ауыратын 10 науқасты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету), әлеуметтік салаға - 616,5 млн теңге (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыруға, жеті ауданда «Іскер ана» орталығын ашуға, Бостандық ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашуға және Әуезов ауданындағы белсенді өмір сүру орталығын жабдықтауға, Алатау аудандық әлеуметтік әл ауқат бөлімін «Open space» форматында көшіру үшін жабдықтау).

Сондай-ақ, энергетика нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 3 млрд теңге қарастырылды, (оның ішінде: сумен жабдықтауға - 373,5 млн теңге, жарықтандыру - 2,3 млрд теңге, тұрғын үй мен желілеріне - 270 млн теңге).

Жолдар мен көлік инфрақұрылымына 1 млрд теңге бөлінеді (11 аудандағы жолдарды жобалау және салу, троллейбус желілерін жаңғырту және дамыту, жаңа бағыттардың ашылуы, жеті көшені орташа жөндеу).

701,3 млн теңгені қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге - 1,6 млрд теңге (стационарлық және мобильді полиция бекеттерін дайындауға), бизнесті дамытуға - 4,6 млрд теңге қарастырылды.


Соңғы жаңалықтар