Алматыда шалғай аудандардан орталыққа жаңа автобус бағыты ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жаңа екі жаңа бағыттағы №46 және №122 автобустары жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл бағыт көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Жаңа бағыт Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша ашылды. № 46 бағыт Первомайка ықшам ауданын - Әмбебап базарды - Құлагер елді мекенін - Жетісу аудандық әкімдігін - Белинский көшесі арқылы «Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша 10 автобус қызмет көрсетеді, әр автобустың интервалы 10 минут. Тәулігіне 3000 жолаушы қыметті пайдаланатын болады.

Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына өзгеріс енгізілді. Енді маршрут Рахат, Мәдениет ықшам аудандары - №196 мектеп - М.Шоқай көшесі - Орталық - ҮАК- Саялы - ХҚКО авто - Ақын Сара көшесі - Б.Момышұлы көшесі - Универсиада көшесі - Алатау ауданы, ХҚКО арқылы жүретін болады. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша 20 минут интервалмен бес автобус жолға шықты.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт ашылған еді.

Жалпы, Алматыда биыл сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 210- ы жолда жүр, 180 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезең-кезеңімен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус сатып алды, олардың 91 - і қала жолдарында қызмет көрсетіп жүр.

Соңғы жаңалықтар