Алматыда шахматтан Қазақстан құрамасын салтанатты түрде қарсы алды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өткен Үндістанның Ченнай қаласынан Алматыға оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Шахматшы қыздар дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша 5-орынды иеленді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар есебінде сегіз жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліс бар.

Сонымен қатар, Жансая Әбдімәлік қола жүлдегер атанды.

Спортшылар қолдау көрсетіп, жылы қабылдаған отандастарына алғыс білдірді.

«Менің ойымша, 188 елдің ішінде үшінші және бесінші орындарға ие болу – зор жетістік, бұл – Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы ең жақсы жетістік. Қолдап келгендердің барлығына алғыс айтамыз», - деді шахматтан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасының мүшесі Гүлісхан Нахбаева.






Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар