Алматыда сейсмологиялық әрекет ету картасы таныстырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жақында сейсмологиялық әрекет ету картасы таныстырылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Валерий Петров айтты.

«Қазақстанның әр өңірінде сейсмоәрекет ету картасы әзірленіп жатыр. Әр өңір өзінің аймақтарының ерекшелігін ескере отырып, құжатты дайындап жатыр. Бұл жергілікті атқару органдарының шаруасы. Алматының картасы қазір өзгеріс үстінде. Өйткені қала сейсмоқауіпті аймақта тұратындықтан, оны өзгертіп тұру өте маңызды. Бұл карта аймақтағы ғирамат құрылысын арнайы ережелерге сай жүргізілуін қадағалау үшін керек», - деді Валерий Петров. Қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіровтің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар зілзала болған жағдайда әрекет ету жоспарын жасады. «Биылдың өзінде 1503 адам республикалық, жергілікті курстардан қайта дайындықтан өтті. 40 мыңға жуық жадынама таратылды. Ғылыми орталық негізінде 56 мың оқушының қатысуымен интерактивті сабақтар өткізілді. 2011 жылдан бастап Алматыдағы «Қызыл жарты ай» қоғамы «Алматы зілзаласыз» бағдарламасын жүзеге асырып келеді», - деді Серік Әубәкіров. Айта кету керек, бүгін Алматыда БҰҰ даму бағдарламасы аясында ғылыми конференция өтіп жатыр. Онда Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келген делегаттар зілзаладан келетін қауіпті азайтудың заманауи тетіктерін талқылауда. Екі күнге созылатын конференция барысында мобильді оқыту орталығы таныстырылып, мобильді платформадағы жалған жер сілкінісін тудыру аппараты ҚР Азаматтық қорғаныс оқу әдістемелік орталығына табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар