Алматыда серуенге арналған жаяу жүргінші айналмасы пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда барлық жаяу жүргінші аумағы бір айналымға біріктіріледі. Бұл жөнінде Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

2019 жылы Төле би көшесінің бір бөлігінде жаяу жүргінші аумағы пайда болады. 

«Төле би - Достық - Абай - Есентай өзені аймағында жаяу жүргінші кеңістігін құру жоспарда бар. Бұл 18 шақырым аумақты қамтуы мүмкін. Біз оны кіші жаяу жүргінші айналмасы деп атаймыз. Бұл жер демалыс аллеясы ретінде қарастырылып, адамдар серуендей алады. Тарихи қаланың жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы болғанын қалаймыз . Айналма аумағы батыс, солтүстік, шығыс, оңтүстік бағыттарды қамтиды. Келушілер көлігін қойып, жаяу жүргінші аумағына кез-келген жақтан көтеріле алады. Алматыны жоспарлау жобасы автокөліктерге зиян тигізбестен жаяу жүргінші аймағын дамытуға бағытталған. Автортұрақтарға байланысты туындаған ұсақ мәселелерді шешеміз»,-дейді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Алмасхан Ахмеджанов

Төле би көшесінде кіші жаяу жүргінші айналмасының құрылысы 2019 жылы басталады. Әзірге LRT инженерлік жұмыстары жасалады. 

«Жеңіл рельсті транспорт желісінің инженерлік жұмыстары басталады. Төле би көшесінің бойымен ЛРТ өтетіндіктен, қоғамдық көлікке байланысты құрылыс жүргізіледі. Келесі жылы жаяу жүргінші кеңістігін құрумен айналысамыз»,-деді Алмасхан Ахмеджанов.
Еске сала кетсек «Адамдарға ыңғайлы қала » жобасы аясына 2020 жылға дейін Алматыда 15 көше мен 2 өзен жағалауы жаңа келбетке ие болатынын жазған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар