Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыда «Сергек» бейнекамераларының саны артады

2022 жылғы 23 маусым 17:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында «Сергек» бейнекамераларының саны 1 069-ға дейін артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, шаһардың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сол үшін қалада алдын алу шаралары қолға алынуда.

«Биылғы жылдың соңына дейін ауданда «Сергек» камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Адамдардың жаппай жиналатын орындарға қосымша 541 бейнекамера, оның ішінде 200-і аулаларда, 118-і саябақ, алаңдарға және 223 қиылыстарға орнатылады. Бұл ретте айта кетейін, бұрын бюджет есебінен аулаларда камералар орнатылмаған болатын», - деді Алматы әкімі.

Еске салайық, Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа функциясы іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.


Автор:

Думан Арғынгелді

Новости по теме