Алматыда селден жапа шеккендерге көмекке келген жапондық азаматты тонап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Селден жапа шеккендерге көмекке келген жапондық азаматты белгісіз біреулер тонап кетті. Yoshihiro Suzuki (Йошихиро Сузуки) басына түскен қиын жағдай туралы Наурызбай аудандық ІІБ-на арызданған.

Аталған дерек ҚР ҚК 188 бабы бойынша сот алды бірыңғай тергеу ісі тізілімінде тіркелді. Наурызбай аудандық ІІБ-да жедел іздестіру тобы құрылды. Шетелдік азамат сол мезетте аулалардағы лай балшықты тазалауға көмектесіп жатқан. Сол мезетте сыртта тұрған көліктен сұғанақ қолдар жапон азаматының сөмкесін алып кеткен. Оның айтуынша, сөмкеде шетелдік азаматтың құжаттары, банк картасы, ақшасы болған.

Соңғы жаңалықтар