Алматыда сел жүру қаупі болған аудандарға ауызсу берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сел жүру қаупі бар деген Наурызбай ауданын ауызсумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 тамызда Наурызбай ауданындағы Құрамыс, Таусамалы және Қарғалы ықшамаудандарының тұрғындары үшін суық су қайта берілді. Қарғалы өзеніндегі су тазарды. Бұл сүзгі станциясының жұмысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта суды тазартудың барлық кешені жұмыс жасауда. Суды залалсыздандыру, су қабылдау қондырғылары ретке келтірілуде», - делінген «Алматы Су» хабарламасында

Коммуналдық қызмет қосымша өзен арнасын, сүзгілерді, тұндырғышты және сумен жабдықтау желілерін тазарту бойынша жұмыстар жүргізді. Ауыз су барлық тұтынушыларға кешке дейін жетеді. Қазір қысымды сынау және су қысымын реттеу жүргізілуде.

«Су тоқтатылған уақыттан бастап «Алматы Су» кәсіпорны аудандағы су есептегіштері жоқ тұтынушыларға төлем жасау үшін, қайта есептеп береді», - деді компания.

Еске салсақ, Алматыда сел жүру қаупінен кейін үш шағын аудан ауызсусыз қалған еді.


Соңғы жаңалықтар