Алматыда сел қаупі кезеңі аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті сел қауіпі кезеңі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының маңында 45 морена көлі орналасқан, оның 15-сі аса қауіпті. Биыл Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бас жағында орналасқан 7 көл қауіп төндірді.

15 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейін 7 морена көлінің суы азайтылды.

Осы аралықта Қазселденқорғау күштерімен морена көлдерден 5 млн текше метрден астам су ағызылды, яғни алғашқыдағы жалпы көлемі 1,1 млн текше метр.

«Атап өту қажет, мұздықтардың еруінен көлдер күнделікті суға толып тұрды, егерде бұл құбылыстар болмаған жағдайда көлдерді осы күнге дейін 5 рет судан босатуға болатын еді. Сорғылар мен қосымша орнатылған сифонды құбырлардың, сондай-ақ қолдан қазылған арықтардың көмегімен көлдердегі судың деңгейі қауіпсіз белгіге дейін төмендетілді, яғни 1-7 метрге дейін түсіп, селдің болмауына септігін тигізді»,– деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

2015 жыл мен былтырғы жылы сел жүрген Қарғалы өзенінің бассейніндегі №1 көлде суды өздігінен ағызып жіберуге арналған канал салынды, нәтижесінде транзит көлге айналып, Наурызбай ауданының тұрғындары үшін сел қаупі сейілді.

Алдын алу жұмыстарына шамамен 60 адам мен 9 арнайы техника қатысып, аэровизуалды бақылау және шалғай жерлерге жабдықтарды жеткізу үшін ҚР ТЖМ авиациясы қолданылды.

«Қазіргі таңда мұздықтардың еруі тоқтап, мореналық көлдер қысқы режимге ауысуда, сел қаупі жоқ»,– деп атап өтті ТЖД.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары мен инфрақұрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен «Аюсай» және «Ақсай» шатқалдарында екі селге тосқауыл бөгетінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін құрылыс жобалары ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-ге берілді. Бөгеттердің құрылысы 2021-2023 жылдарға жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар