Алматыда сексеуілді қорғауға шақыратын «4 тонна құм» арт-қондырғысын алып тастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жақында орнатылған «4 тонна құм» арт-инсталляциясы алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сексеуілді қорғауға шақыратын «4 тонна құм» арт-қондырғысы Алматының Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта 9 қазан күні орнатылған болатын.

«Бұл уақытша қойылған инсталляция еді. Қазір қондырғы Іле Алатауы ұлттық паркінде. Біз оны келесі жылы акция аясында Таразда немесе Шымкентте орнатуды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді БҰҰДБ.

Аталмыш арт-нысанның ашылу рәсімінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, «осындай инсталляция арқылы біз көрнекі түрде сексеуілді шабудың нәтижесінде шөлейттенудің қандай салдары болатынын көрсеткіміз келді», - деп атап өткен болатын.

Арт-нысанда құммен көмкерілген үйді көруге болатын. Құм Алматы қаласынан 160 шақырым жердегі Бақбақты ауылынан жеткізілген. «4 тонна құм» арт-жобасы экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, өсімдіктердің бірегей түрлеріне қамқорлық танытуға бағытталған. Сондай-ақ, сексеуілді сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және оны отын ретінде пайдаланудан бас тартуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар