Алматыда «Сайран» метро стансасын инженерлік желілерге қосу жұмыстары басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Сайран» метро стансасының негізгі құрылымдарының құрылысы аяқталып, қазылған орды қайта толтыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қалалық «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағанбетова хабарлады.

Қазір Абай көшесінің бойында Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің арасындағы жол қозғалысы қайта қалпына келтірілді. «Дәл қазір стансаны инженерлік желілерге қосу сондай-ақ, жерүсті нысандарын салу жұмыстары жасалуда», - деді А. Ешмағанбетова. Естеріңізге сала кетейік, «Алматыметроқұрылыс» АҚ Алматы метросының екінші кезегін салып жатыр. Атап айтқанда, «Сайран» мен «Мәскеу» стансаларын биылғы жылдың қыркүйегіне дейін іске қосу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар