Алматыда сайлау күні 74 бала дүниеге келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сайлау күні, яғни 10 қаңтарда 74 бала дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қаңтарда түнгі 00.00-ден 11 қаңтар 00.00-ге дейінгі бір тәулікте Алматы перзентханаларда 74 бала дүниеге келген. Оның 41-і ұл бала, 33 қыз бала», - деді әкімдіктен.

Ал Алматы облысында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні 94 бала дүниеге келген болатын.

Айта кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда кеше Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өткен болатын.

Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, Nur Otan сайлаушылардың 71,97% даусын жинаған.



Соңғы жаңалықтар