Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі қалай өтіп жатқаны туралы бақылаушылар пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданындағы №109 сайлау учаскесінің бақылаушысы Раушан Оразалиеваның айтуынша, сайлау учаскесінде даусын беруге келген азаматтар саны толастар емес.

«Сайлаудың бастапқы кезеңі белсенді өтіп жатыр. Біз таңертеңнен бері дауыс беру процесін бақылап жатырмыз. Әзірге ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмеді. Халық саны артып келеді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық санитарлық нормалар сақталып жатыр. Дауыс берушілер маскамен кіріп жатыр. Әр азаматтың дене қызуы өлшенеді», - деді бақылаушы.

Айта кету керек, бүгін яғни, 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Алматыда 507 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.

507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейтін болады. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында Жедел жәрдем кезекшілік ететін болады.

Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі. Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады.

Дауыс беруші өз учаскесін 221-10-01 кулл орталығы арқылы тегін біле алады немесе @sailau_almaty Telegram-бот көмегімен,сондай-ақ «Open Almaty» сервис орталығында және https://service.almaty.kz/ru арқылы біле алады.



Соңғы жаңалықтар