Алматыда сайлау әділ әрі ашық өтіп жатыр - халықаралық байқаушы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықаралық байқаушылар таңғы 7-ден сайлау учаскелерінде белсенді жұмыс жасап жатыр. Олардың барлығы дауыс беру процесінің ашылуына қатысып, күні бойғы дауыс беру процесінің өтуін қадағалайды.

«Алматыда барлығы ТМД миссиясынан 27 байқаушы келіп жатыр. Менің келгеніме 8 күн болды. Маған сайлау процесіне дайындық үдерісін көруге мүмкіндік берілді. Сайлау комиссияларының төрағаларымен тілдестім. Дауыс беру күні учаскелерде болдым. Түрлі партия өкілдерімен кездестім», - деді ТМД-дан келген байқаушы, РФ ОСК басшысының орынбасары Юрий Демьяненко.

Сарапшы сондай-ақ, дауыс беру процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Менің ойымша, ҚР Орталық сайлау комитеті үлкен жұмыс атқарды. Дайындық кезінде жүйелі жұмыс атқарылған. Халықаралық комиссия мүшелері үшін сапалы методикалық материалдар жазылған. Тізім сауатты жасалған. Мен барған 9 учаскеде сайлаушылардың мекенжайын таппай, ХҚКО-ға барыңыз деген әңгіме болған жоқ», - деді ол.

Ю.Демьяненко дауыс беруге қазақстандықтардың қатысу белсенділігі жоғары екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар