Алматыда саябаққа «жарылғыш зат» қойған ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда саябаққа «жарылғыш зат» қойған ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның айтуынша, ер адам 28 Панфиловшылар саябағына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған.

Жедел тексеру жүргізу барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады. Полиция хабар берген ер адамды ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.

Бұл дерек ҚР ҚК 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Енді күдіктіге терроризм туралы жалған хабар таратқаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Соңғы жаңалықтар