Алматыда саусағы үсіген оқушы ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда саусағы үсіген оқушы аймақтық балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың ахуалы туралы медициналық мекеменің дәрігерлері айтып берді.

«Баланың қолдарының 3 саусағын 1-3 дәрежелі  2% үсік шалған. Пациент консервативтік ем қабылдап жатыр. Операция жасау қажеттілігі жоқ. 2 аптадан соң үйіне жіберіледі», - деді Алматы аймақтық балалар ауруханасы директорының медициналық жұмыстар бойынша орынбасары Асқар Қалиев.

Айта кету керек, Алматыда 24-26 аралығында 11 адам үсік шалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге үш күн ішінде 24 адамнан қоңырау түскен.

«Оның ішінде 10 адамға сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Олар ары қарай амбулаториялық ем қабылдап жатыр. 11 адам қалалық ауруханаларға жеткізіліп, оларға қабылдау бөлімінде медициналық көмек көрсетілді. Оның 3-і бала. Тағы 3 адам облыстық ауруханаларға бағытталды», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар