Алматыда сауна өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сауна отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні кешкі сағат 20:02 минутта өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Сухамбаев көшесі 21 мекен-жайы бойынша жоғары дәрежеге шақырту бойынша аттанды.


«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 5 минутта жетті. 2 қабатты кешеннің төбесінде орналасқан сауна өртеніп жатты. Тілісіз жаудың жапсарлас ғимаратқа таралу қаупі туындады. Дереу өртті сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді, штаб құрылып, екі өртке қарсы жауынгерлік учаске құрылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар жоғына барлау жұмыстарын жүргізді»,- деп хабарлады ведомствадан.

Өрт бір сағат ішінде сағат 20:46-да толық сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында кешеннің бірінші және екінші қабаты (сауда орындары, дене шынықтыру залы) өрттен аман қалды.


Соңғы жаңалықтар