Алматыда сауда үйіне «бомба» қойған адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ситицентр» сауда үйіне «жарылғыш зат» қойылды деп елді дүрліктірген ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Хабарлама кешкі 6:37-де түскен. Бірер минуттан соң жедел іздестіру қызметінің өкілдері ғимараттан 310 адамды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірді. Жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден тұратын 4 қабатты ғимараттан «Арлан» арнайы жасағының саперлері жарылғыш затты таппады. Жалған хабарлама таратқан адам біраз уақыттан кейін ұсталды. Ол 1988 жылы туылған Алматы тұрғыны болып шықты. «Ер адам өзінің писхологиялық тұрғыдан дені сау еместігін алға тартқан. Бұл дерек міндетті түрде тексерілетін болады», - деді С.Әзірбек. Қазір аталған жағдай ҚР ҚК 273 бабына сәйкес бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Терроризм туралы жалған хабарлама таратқаны үшін бұл бап бойынша 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Соңғы жаңалықтар