Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі жұмыс істеуге рұқсат берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл мәселені тиянақты қарастырдық. Себебі, бұл адам денсаулығына тікелей байланысты. Біз өмір мен бизнестің арасындағы теңдікті ұстауға тырысып жатырмыз. Өйткені, бұл вирус келесі жылы да болады. Егер біз қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтайтын болсақ, эпидахуал тұрақты болады. Біз алда бизнес жұмысын тоқтатпас үшін карантин талаптарын сақтауымыз керек. Эпидемиологиялық талдаудың нәтижесінде сауда ойын-сауық орталықтарының алгоритммен жұмысына рұқсат бердік», - деді Жандарбек Бекшин.

Мұның алдында бас санитарлық дәрігер кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, қалада вирус жұқтыру көрсеткіші артып келеді.


Соңғы жаңалықтар