Алматыда сауда, ойын-сауық орталықтары қауіпсіздік бойынша есеп беруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сауда, ойын-сауық орталықтары қауіпсіздік бойынша есеп беруді жалғастырып жатыр. Бүгін журналистер мен қоғам белсенділері Dostyk Plaza орталығында болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Dostyk Plaza орталығына айына 100-120 мың көлік пен 700 мың - 1 млн арасында адам келеді.

Ғимарат халықаралық стандарттарға сай салынған. Нысанды қабылдау жәні пайдалануға беру актісінде әкімдік пен ТЖД өкілдерінің қолы мен мөрі бар.

Ғимарат директорының айтуынша, нысан өрт қауіпсіздігі бойынша қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің сарапшы ұйымдарының кешенді тексеруінен өткен. Сондықтан дабыл, хабарландыру, су шашу және түтін шығару жүйесі ақаусыз жұмыс істейді.  

«Біздің нысан алып ғимарат болғандықтан қауіпсіздік шаралары басты назарда. Қонақтарымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін күн сайын құрлығыларды тексеріп отырамыз. Барлық жерге бейнебақылау орнатылған. Бүгінге дейін олардан ақау білініп, жұмысы бұзылған жағдайды байқамадық. Кинотеатрдаға он залда 1 600 орын бар. Олардың барлығында апаттық есіктер жұмыс істеп тұр»,  - деді ОСО бас директоры Нұрлан Жүнісов.
null 

Оның айтуынша, ғимаратта 50-ден астам сыртқа шығатын есік бар. 504 өртке қарсы қалқан, 200 шаршы метр су сиятын резервуар бар. Әр 20 метр сайын эвакуациялық жол көрсететін белгі орналастырылған.
null 

Айта кету керек,  Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» орталығында болған алапат өрт 64 адамның өмірін қиған болатын.

Қайғылы жағдайдан соң Алматы әкімдігі қаладағы барлық қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігін тексеруді қолға алды.

Соңғы жаңалықтар