Алматыда сауда орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қалалық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті 16-19 желтоқсан аралығында қаладағы ойын сауық орталықтары мен қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл нысандардың жұмысы қалалның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің 9 қарашада шыққан №64 қаулысымен реттелетін болды.

Сауда айын сауық орталықтары кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, азық түлік сататын жабық базарлар мен дүкендердің жұмысына кешкі 17:00-ге дейін рұқсат беріледі. Тек міндетті түрде ғимарат ішінде 4 шаршы метрге бір адам, яғни адам сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы керек. Алматы әкімдігінде мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысы өзгеріссіз болады. Автобустар мен метрода маскалық режим қатаң сақталады.

Қоғамдық денсаулық басқармасында жедел жәрдем қызметі, емханалар мен стационарлар мереке және демалыс күндері Қазақстан заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін болады. Халыққа қажетті медициналық көмек толық көрсетілетін болады.

Қазақстанда мереке күндері осындай нысандардың жұмысы эпидемиологиялық ахуалға байланысты реттелмек.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында сауда ойын-сауық орталықтары жексенбі күні жұмыс істемейтінін, басқа күндері кешкі сағат 18:00 дейін жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар