Алматыда сауда орталығынан жұмысшылардың 20 млн теңге жалақы берешегі өндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ірі сауда орталығы қызметкерлеріне 3 ай бойы жалақы төлемеген. Жұмысшылар сотқа шағымданып, жеңіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, мекеменің 92 жұмысшысының арызын № 2 Алмалы аудандық соты қарады.

«Іс материалдарына сәйкес, 3 ай ішінде жұмысшыларға жалақы аударылған. Бірақ олар жалақы алмай келген. Сот жұмысшылардың арызын толық қанағаттандырып, жұмыс берушіден 19 276 634 теңге өндіру туралы шешім шығарды», - деді баспасөз қызметінен.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Алайда 20 млн теңге толық көлемде қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар