Алматыда сауда нысандары қайта ашылып жатыр - штаб

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 149 шағын және орта супермаркеттің 140-ы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада 31 сауда нысанына зақым келген, оның ішінде «Магнум» - 19 (14 жойылды), «Тоймарт» - 11 (10 жойылды), «Интерфуд» - 1. Олар 14 қаңтардан бастап EsentaiGourmet, «Галмарт» ашуды жоспарлап отыр.

Бүгінде барлық 52 сауда базары жұмыс істейді.

Қаладағы 220 жанар-жағармай құю бекетінің 168-сі ашылды.

Бүгін желілік емес 5 жеке жанар-жағармай құю бекетін ашу жоспарлануда.

Қалада 93 ірі сауда нысаны бар. 13 қаңтардағы жағдай бойынша 14 сауда ойын-сауық орталығы («Глобус», «Спутник», «Ритц Палас», «Алма-Ата», «Гранд парк», «Алматы молл», «Достық плаза», «Мега парк», «Мега Алма-Ата», «Атакентмолл», «Март», «Силкуэй сити», «Алатау», «АДК), сондай-ақ 61 сауда орталығы жұмыс істей бастады.

14 қаңтардан бастап «Есентаймолл» сауда ойын-сауық орталығы жұмысын бастауға дайын. «Форум» сауда ойын-сауық орталығы қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін ашылады.

Төтенше жағдайдың соңына дейін 9.00-ден 18.00-ге дейінгі режимде 2 мыңға жуық қоғамдық тамақтану нысандары ашылды, онда спиртті ішімдік сатылмайды. Бүгін, 13 қаңтар күні 500-ге жуық қоғамдық тамақтану нысандарын ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 39 қоғамдық тамақтану объектілеріне залал келтірілгені анықталды.

Бүгінде қаладағы 120 кәсіпорынның 91-і жұмыс істейді. Қалғандары 14-19 қаңтар аралығында іске қосуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар