Алматыда сатылым бойынша Hyundai Accent көлігі көш бастап тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеке көліктердің ішінде сатылым бойынша Hyundai Accent көлігі көш бастап тұр.

Бұл туралы Қазақстан автобизнесі қауымдастығының маманы Вячеслав Балыков айтты.

«Алматыда 2014 жылғы ақпан айында жеке көліктердің сатылымы бойынша кореялық Hyundai Accent көлігі 1-орында тұр. Өткен жылы ақпанда бұл марканың - 110, ал биыл 252 көлігі сатылды. Алматылықтар арасында ерекше сұранысқа ие көліктердің бірі - Lada Granta маркасының көліктерін биыл 158 адам сатып алса, былтыр 77 көлік сатылған екен. Көшбасшылардың үштігін ресейлік Lada Priora көлігі түйіндеп отыр. Былтыр қазақстандықтар бұл марканың 118 бірлігін сатып алса, биыл 125 көлік сатылып алынды», - деді Вячеслав Балыков.

Ал, жалпы республикалық көрсеткіштер бойынша биылғы ақпан айында бірінші орында Lada маркасы иеленсе, екінші орында - Hyundai бренді, үшінші орында Toyota бренді тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар