+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда санитарлық талапты бұзған 700 нысан анықталды

2020 жылғы 7 шілде 01:50
Бөлісіңіз:
Алматыда санитарлық талапты бұзған 700 нысан анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі онлайн брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантин шараларының сақталуын тексеретін мониторинг топтарының қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады Бүгіннен бастап Қазақстанда қатаң карантин тағы 2 аптаға созылды Атырауда саябақтар мен жағалауға баруға тыйым салынды

«Ішінара жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша 701 нысаннан карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Біз тексеріс барысында анықталған тәртіп бұзу фактілеріне дер кезінде әрекет етеміз. Оған қосымша, азаматтар кемшілік туралы біздің call-орталықтарымызға хабарлап айта алады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары енген аудандық әкімдіктері бекіткен мониторингтік топтар карантин кезінде жұмыстарын жаңғыртқан қаладағы 5976 нысанға тексеріс жүргізді, соның ішінде 2512 қоғамдық тамақану, өндірістік сауда және базарлар, 1903 өндірістік емес сауда нысандарына, сұлулық салондарына, моншалар, Қазпошта бөлімдері, банктер, мешіттер, кеңселер, құрылыс алаңдары және коммуналдық мақсаттағы басқа да нысандарға, 1166 өндіріс орындары нысандарына, автосервис және 395 балабақша (кезекші топтар) бар.

Тексеру қорытындысы бойынша 642 нысанның қызметі ескертуді түзегенге дейін тоқтатылды, ол - тексерілген жалпы нысандардың 10,7%. Оның ішінде 621 нысан ескерту алғаннан кейін өздігінен тоқтатқан. Субъектілер ескертуге қатысты түзету жасамағаннан кейін ТҚСҚБД аудандық басқармаларының қаулысымен 21 нысанның қызметі тоқтатылды.

Анықталған тәртіп бұзу фактілерінің ішінде кең тарағаны: қызметкерлерге термометрия жүргізбеу, келушілер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, қызметкерлердің масканы уақтылы ауыстырмауы, қызметкерлердің маска режимін орындамауы, қолғаптардың жоқтығы, зауыт орамасы жоқ тері антисептиктерін қолдану, үстелдер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, дезинфекциялық кілемшелердің жоқтығы және басқалар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT