Алматыда санитария талаптарын сақтамаған 303 нысан жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус инфекциясының таралуымен күрес аясында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторинг топтары жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 –18 маусым аралығында мониторинг топтары 276 шағын және орта бизнес субъектісін тексерді.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысындағы тәртіпбұзушылықтар «Асхана» желісінің үш асханасы, сонымен бірге, «Имран», «Саяхат», «Сырмақ», «Қазан» асханалары, «Лагманхана», «Пещера», «Пекинская утка», COFFEEROOM & TRATTORIA, Comein, «Мята лаунж», «Шашлыкoff», «Шашлычная», «Достар», Meat & beer, «Чай ла», Mr.Donerci, «Чайхана», «Алатау», «Дом», «Кофейня», «КОТ кофейня», «Теплица», Holder, «Недель», Кitchen shisha, «Блинная», Mr.Donerci, «Хот дог», Чак-чак «Кафе быстрого питания», Doner Burger Pizza, «Ақ Бұлақ», «Атуш», «Восточная Кухня» кафетерийлерінде анықталды.

Тізімде «Шеф», Harissa, «Грузинская кухня», «У Афанасича», «Грузинская кухня Чачапури» мейрамханалары, Chunnes Pub, «Пивной Бар» барлары, «Техно шеф» кулинарлық студиясы, ProfTerra. Pride, «Мария», Vitrin, «Восторг» «Имран», «Тиан де», «Жұлдыз», «Әділ», «Ай», «Ақжар», «Арай», «Азия», Respect, Rieker азық-түлік дүкендері, «Дүкен» деген екі дүкен бар.

Сонымен бірге тәртіпбұзушылар арасында автошина және диск дүкені, «Альтаир», Coreana, «Моя Индия», «Тысячи мелочей», Cotton, «Рай для женщин», «Индийский трикотаж» азық-түлік сатпайтын дүкендер, Musthave Barbershop, Insta salon, «Бьюти Д и Б», VIRABEAUTYCLUB, «Арзу» «Авесса»-3, Барбер Шоп, «Натали» сұлулық салондары, шаштараздар, ALTAIBusinessHotel, Absolute қонақүйлері және Mobilnik мобильді аксессуарлар дүкені, самса, донер, фризерлі балмұздақ сататын дүңгіршектер, Аптека дәріханасы, аяқ киім жөндеу орны, оқу орталығы, «Дентал», Энерго Экспертиза стоматологиялық орталықтары, Тас Кредит, «Алтын Гарант» ломбардтары, Миятова Г.Д ЖК, Нурекина Г.С. ЖК, Ли Т.М.ЖК Нотариусы, Хасанова М.Д ЖК Нотариусы, , Н Шингисбаева Т.К ЖК Нотариусы, Абдрашитов ЖК Нотариусы, Абишев Т.Б ЖК Нотариусы, Нотариус ЖК, адвокат-нотариустары, сонымен бірге, «Алматы Газ» абонеттік есептеу орталығы» ЖШС бар.

Эпидемиологтар санитарлық талаптарды сақтаудың маңызын ескертті.

Көбіне әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы, байланыссыз термометрияның сақталмауы, жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жаратпау, есепке алу журналының болмауы, санитайзерлердің болмауы, павильондардың кіреберістерінде дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы, пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшіктерінің болмауы, азық-түлік дүкендері өнімдерінде қорғау пленкаларының болмауы сияқты заңбұзушылықтар тіркелді.

Сонымен бірге 22 нысанның қызметі тоқтатылды. Олардың арасында Yes Style аяқ киім бутигі, Luisa Spagnoli киім бутигі, Via Roma киім бутигі, «Актив» ломбарды, Luckee Yu, «Салем», «Eden», «Чайхона №1», London, «Столовая», «У Анарыча», Bazzlama, «Лагманхана», «Айша», «Акжол» кафетерийлері, «BEER», «Продукты», «Панда», «То, что надо», «Настя», «Ғалым» азық-түлік дүкендері, «Баян сұлу» сұлулық салоны бар.

Алматы қаласы бойынша осы барлығы 3442 нысан тексерілді. Оның ішінде 402 нысаннан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптардың бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты, ескертулерді түзеткенге дейін 303 нысанның қызметі тоқтатылды (оның ішінде 284 нысан - басшылықтың шешімімен, 19 нысан - қаулы бойынша).

Сонымен бірге, қоғамдық көлікте санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 16 маусымда #102, 48, 19, 115 бағыттардағы қоғамдық көлікке тексеру жүргізілді. Оның барысында жолаушылардың, сонымен бірге жүргізушінің де жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және жою ережелерін дұрыс сақтамағаны анықталды. Аталған автопарк басшыларына ұсыныс хаттар дайындалады. Эпидемиологтар автобус жолаушыларына КВИ алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мониторинг топтарының жұмысы жалғасып жатыр. Олардың құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармаларының, кәсіпкерлік бөлімдерінің, «Атамекен» аймақтық палатасының өкілдері, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері кіреді.


Соңғы жаңалықтар