Алматыда «Санаторий Қазақстан» АҚ басшылығы жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Санаторий Қазақстан» АҚ басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Олардың айтуынша, аталған шипажай басшылығы мемлекетттік сатып алу жүйесінде бірқатар заң бұзушылықтарға жол берген. «Прокуратура қызметкерлері мекемеде бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмсалғандығын тексерді. Тексеру нәтижесінде ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңының бұзылғандығы анықталды. Санаторий басшылығы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу және жаңғырту бойынша байқау ұйымдастырған. Алайда, аталған жұмыс бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік экспертизадан өтпеген. Жөндеу жасау үшін 2-дәрежелі құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия алу қажет болатын. Мердігерлер тек 3-дәрежелі лицензия ұсынған», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, жеткізуші келісімге қол қойылған мезеттен бастап 10 күн ішінде 75 068 364 теңге төлеуге міндетті. Аталған қаржы тек 1 айдан кейін түскен. Аталған дерек бойынша шипажай басшылығына 55 560 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар