USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда санақтан 2 миллионнан астам адам өтті

2021 жылғы 25 қазан 16:48
Бөлісіңіз:
Алматыда санақтан 2 миллионнан астам адам өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халық санағына Алматы қаласының 2 миллионнан астам тұрғыны қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті Асқар Мамин Президентке ұлттық санақтың қорытындысы жайлы баяндады Халық санағы өтті деп есептеуге болады – Қайрат Келімбетов

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі ұсынған дерекке сәйкес, Алматы тұрғындарының саны бүгінде 2 005 496 адамды құрайды.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласының жалпы тұрғынының 2 млн 86 мың 769-ы санақтан өтті. Биылғы жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша, онлайн санақтан 626 605 адам өтті, 25 қазандағы жағдай бойынша, 1 462 935 алматылық офлайн режимде өтті», - деп түсіндірді ведомстводан.

Алматының халық ең тығыз қоныстанған ауданы – Бостандық ауданы, онда 361 609 адам тұрады. Тұрғындардың ең аз саны жаңа Наурызбай ауданында тұрады – 159 115 адам.

Айта кетейік, Қазақстанда халық санағынан онлайн өту мерзімі ұзартылды.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильдік қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Онлайн өткен респонденттер телефонға келген SMS-хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олар сауалнамадан қайта өтпейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT