Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан адамды көлік қақты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электронды самокатшыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Алмалы ауданында Сейфуллин – Шевченко көшелерінің қиылысында болды. Бұл туралы Instagram-дағы Kris.p.almaty парақшасында хабарланды.

Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаны тергеуге Алмалы аудандық полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе жасағының қызметкерлері кіріскен.

«Самокатты басқарып келе жатқан ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Міндетті түрде сот-медицина сараптамасы тағайындалады. Алынған дене жарақатының ауырлығы анықталады», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінде.

Соңғы жаңалықтар