Алматыда Салық төлеушілердің жаңғыртылған орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек  жұмыс сапары барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу аудандық Салық төлеушілердің жаңғыртылған орталығын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысы Асқар Тынысбеков қазіргі кезде  4 ауданда жаңарған жұмыс  форматы бойынша қызмет көрсетіліп жатқанын айтты.

Жаңғыртылған орталықта салық  төлеушілер өздеріне сәйкес қызмет пакеттерін пайдалана алады.

 «Яғни кәсіби бухгалтерлерге, ісін  жаңа бастаған кәсіпкерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа категориядағыларға түрлі операторлар қызмет көрсетеді. Балаларымен келгендер балалар алаңында «Балапан» пакетін пайдалана  алады. Салық төлеушілердің өздеріне өздері қызмет көрсетулері үшін терминалдары бар аймақтар жұмыс істейді», - деп хабарлады  Асқар Тынысбеков.
null

Бұрын Алматыда әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы ашылған болатын, мұнда ХҚКО қамтымаған қызметтер «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілуде.

Бұл жоба «Ақылды қалалар» европалық форумының және ТМД елдерінің «Өмір сүруге болатын қала» конкурсының марапаттарына ие болған еді.

Көп ұзамай қалалық прокуратура  Алматы  әкімдігінің қолдауымен басқарудың заманауи технологияларын қолдана отырып, құқық қорғау қызметінің  Орталығын ашқан болатын.

Соңғы жаңалықтар