Алматыда салық төлеуден жалтарған қымбат үйдің иелеріне 1 апта уақыт берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда элиталық үйлердің қожайындары салық төлеуден жалтарып жүр. Бұл туралы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық басқарма қымбат пәтерлерін жалға беретін тұлғаларды салықтық жауапкершілікке тартып жатыр.

Тек қана «Ренессанс» тұрғын үйі кешенінде 12 пәтерді қожайындары заңсыз жалға беріп отырған. Жалдап тұратындардың көпшілігі шетел азаматы болып шықты.

Бұл тұрғын үйдегі бір бөлмелі пәтерді бір айға жалға беру құны - 150 мың теңге, 2 бөлмелі - 200-250 мың теңге, 3 бөлмелі пәтерді жалдау құны - 350-550 мың теңге, 4 бөлмелі пәтерді жалдауға 550-800 төлеуге тура келеді.

Пәтерді бір тәулікке жалдау 15-30 мың теңгеге бағаланады. Ал түскен табыстан 1 пайызы ғана салық ретінде төленуі керек.

Аталған пәтерлердің қожайындары жеке кәсіпкерлік ашпаған. Пәтерден түсетін табыс көп болса да, салық төлемейді. Салық органы пәтер иелеріне заңбұзушылықты жоюға бір апта уақыт берді.

«Бұл тұлғалар салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде есепке алынуы тиіс. Олар өз есептерінде шынайы табыс көлемін көрсетуі керек. Ол үшін жергілікті ХҚКО барып, құжат өткізу керек. Олай болмаған жағдайда міндетті төлемдер айыппұл арқылы өндіріледі. Бүгінде бұл пәтер иелері пәтерлерін интернет арқылы жалға беріп отырғандықтан, оларды табу түк қиындық туғызбайды. Сонымен қатар ПИК пен көші-қон қызметінің ақпараттары тексерілетін болады. 1 ақпаннан бастап жергілікті полиция қызметімен біріге отырып уақытша тіркеу жасалған пәтерлер тексерілетін болады», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар