Алматыда салық қызметтерін ХҚО-да көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданының салық төлеушілері үшін салық қызметтерін ХҚО-да көрсету бойынша пилоттық жоба енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, халық пен бизнеске ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік тәсілін енгізу және дамыту шеңберінде, сондай-ақ, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындай отырып, Бостандық ауданының салық төлеушілері үшін ХҚКО – да салық қызметтерін көрсету аясында пилоттық жоба енгізілді.

«Пилоттық жобаның идеясы барынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді көрсету, елдегі мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері мемлекеттік корпорация ретінде «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және өңдеу болып табылады. Жоба 10 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы«коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында Алмагүл, 9А адресі бойынша басталды», - деп хабарлады ведомствода.

Мемлекеттік қызметтердің төмендегідей түрлері бойынша құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

1) жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу есебі;

2) салық төлеушілерді тіркеу (мемлекеттік қызмет резидент емес заңды тұлғаларға көрсетіледі);

3) қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі;

4) бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару;

5) салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) ;

6) салық есептілігін қабылдау (салық органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған 300.00 СЕН, тарату есептілігінен басқа);

7) салық есептілігін кері қайтарып алу;

8) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру;

9) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;

10) бюджеттен қосылған құн салығын қайтару;

11) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту;

12) Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау.


Соңғы жаңалықтар