Алматыда салық департаменті сенбі күндері жұмыс істейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары тамыздың 2-сі мен 9-ы күндері түскі үшке дейін жұмыс жасайтын болды. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Салық департаменті басшыларының мұндай шешіміне салық төлеушілерден түскен сұрау негіз болған. Қалалық салық департаментінің «Апта сұрағы» айдарына келіп түскен салық төлеушілердің сұрауларына сәйкес салық есебін беретін соңғы аптада Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары сенбі күндері де түскі үшке дейін жұмыс жасайтын болды. Сондай-ақ салық басқармалары мен банк кассалары тамыздың 2-сі мен 9-ы күндері шағын бизнес субьектілерінің 910.00 формалы жартыжылдық салықтық декларациясын түскі үшке дейін қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар