Алматыда Саин және Жандосов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мобильділік басқармасы Facebook парақшасында қаладағы көлік қозғалысының өзгерістері жайында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті алматылықтар!

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек күндері түнгі уақытта сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Саин көшесі мен Жандосов көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылы уақытша жабылатынын хабарлаған болатынбыз.


Автор: Думан Арғынгелді


Соңғы жаңалықтар