+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Алматыда Саида Ибраимованың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда

2014 жылғы 3 шілде 14:02
Бөлісіңіз:
Алматыда Саида Ибраимованың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Саида Ибраимованың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда.Бүгін аталған іс бойынша тергеу материалдарын зерттеу басталды. Отырыс барысында сотталушылар Жан Алагөзов, Гавгаз Алиев, Әлібек Ерғалиұлының тергеу органдарына берген жауаптары тыңдалды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Жан Алагөзов өзінің тергеушілерге берген қосымша жауабында Саиданың банк картасында 500 мың теңге бар деп ойлағанын айтқан.

«Саида екеуміз сенімді қатынаста болдық. Бір рет мен оған карточкасынан 50 мың теңге алып берген болатынмын. Мен Саидадан қанша ақшасы бар екенін сұраған кезде, ол карточкада 500 мың теңге кредиттік лимит бар деді. Кейін мен осы туралы Әлібекке айтып, екеуміз оны қалайда алуды ойластыра бастадық. Мен Әлібекке өлтіру туралы айттым. Ол келісті. Сосын іске Гавгаз Алиевті қостық», - делінген хаттамада.

Кейін ол тергеушілерге қызды қалай тұншықтырып өлтіргендерін, кімнің рөлі қандай болғанын айтып берген. Кейін банкоматтан 46 мың теңгені алып, қайда жұмсағандарын әрі ұялы телефонды Көкбазардағы сатушыларға қалай сатқанын да баяндаған.

Ал Алиев пен Ерғалиұлының түсініктемесі Алагөзовтің айтқанымен сәйкеспей шықты. Олар қылмысқа өз еркімен емес, Алагөзовтің қысымымен барғанын айтты.

«Олар мүрдені жасыруға бара жатқан кезде мен олардан 20 метрдей алда жүрдім. Түн болды. Мен өзімнің өмірім үшін қорықтым. Олардан қашып кетсем де, мені қуып жетіп алатындары анық еді. Сондықтан, мен Алагөзовтің айтқанын істедім», - деді Әлібек Ерғалиұлы.

Галиевтің айтуынша, Алагөзов екеуіне де сес көрсеткен.

«Екеуіңнің біреуің қит етсеңдер, осы жерге жатасыңдар деп қорқытты», - деді Г.Алиев.
Ал, Жан Алагөзов түсініктеме беруден бас тартты.

Соттың отырысы 10 шілдеде таңғы сағат 10-да жалғасатын болды. Отырыс барысында қос тараптың сөзжарысы өтеді. Судья Ерлан Болатов сол күні өзінің қандай шешім шығаратынын да айтуы мүмкін екендігін жеткізді.

Естеріңізге асала кетейік, жантүршігерлік қылмыс Алматыда биыл наурыз айында орын алған болатын. Сұлулық салонында жұмыс істеген 24 жастағы Саида Ибраимова наурыз айында із-түссіз жоғалып кеткен еді. Бірнеше күннен соң қыздың өлтірілгені, денесінің қала сыртына шығарылып, өртелгені анықталды. Қылмысқа күдікті ретінде үш адам ұсталған болатын.

Аталған іс бойынша күдікті ретінде алматылық Жан Алагөзов, Гавгаз Алиев, Әлібек Ерғалиұлы ұсталған болатын.
Іс материалдарына қарағанда, Ибраимованың ескі танысы Жан Алагөзов оны өз үйіне шақырады. Кейін танысы Гавгаз Әлиевпен бірге қызға зорлық көрсетіп, телефонның сымымен қылқындырып өлтірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT