Алматыда сағат 22.00-ден кейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматы әкімдігі «Алматы қаласында жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел және арнайы қызметтердің автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері сәйкес түсті графикалық схемалары, тану белгілері, жазбалары, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар көлікті қоспағанда м егаполисте түнгі сағат 22.00-ден таңғы 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын», - делінген бұйрық жобасында.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұл жоба түнгі уақытта шу жүктемесін азайту мақсатында қарауға ұсынылып отырғанын жеткізді.

Құжат 12 қазанға дейін қоғамдық талқы үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланды.



Соңғы жаңалықтар