Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан турнир басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 10-15 мамырда Алматы қаласында ЦСКА оқу-жаттығу орталығының базасында қоғам және мемлекет қайраткері, Халық Қаhарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне арналған бокстан дәстүрлі турнир өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жыл сайын турнирге шетелдерден 180-нен астам спортшы қатысып келеді. Сондай-ақ, отандық бокс мектептерінің өкілдерімен қатар, Армения, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің боксшылары қатысады. Қазіргі таңда ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады», - деп атап өтті ҚР ҚМ Орталық спорт клубының төрағасы полковник Расул Мейірманов.

Соңғы жаңалықтар