Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу күні өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мен әкемді үлгі тұтып, оның салған сара жолымен жүрдім. Елінің біртуар азаматы болған адамның ұлы болу – мен үшін үлкен мақтаныш, абырой. Ол кісінің бойыма сіңірген тәрбиесі, Отанын сүюдегі адалдығы – мен үшін үлкен мектеп болды. Мен сол мектептен кемелдендім», - дейді Сағадат Қожахметұлының ұлы, запастағы генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов.

Қарулы күштеріміздің құрылуына және аяқтан тік тұруына өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға осыдан 6 жыл бұрын – 2013 жылдың 24 қыркүйегінде өмірден озған болатын.

«Біз барлығымыз Қарулы Күштеріміз құрылған сол күрделі, қиын-қыстау кезеңді жақсы білеміз. Ол шынымен өзінің тағдырын әскери қызметпен байланыстырған әрбір адам үшін үлгі тұтар азамат болды», - деді қызмет жолында бірге болған қаруласы, запастағы генерал-майор Алмазбек Абдрахманов.

Іс-шараның соңында батырдың тұрған үйіндегі ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылып, әскери оқу орындарының курсанттары мен тәрбиеленушілері салтанатты саппен жүріп өтті.

Соңғы жаңалықтар