Алматыда сәбіз бен күнбағыс майына шекті баға белгіленеді
2022 жылғы 24 қаңтар 15:03

Алматыда сәбіз бен күнбағыс майына шекті баға белгіленеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев баға мониторингі жұмысының арқасында «үй жанындағы дүкендердің» бірқатары негізсіз көтерген бағаны түсірді.

«Алайда, жалпы әкімдікпен реттелетін бағаларды енгізу туралы шешім қабылдауға болатын нұсқа бар. Яғни, біз ӘМАТ-тың барлық түрлеріне шекті бағаларды белгілей аламыз Бүгінде өнімнің екі түрі бойынша шекті бағаны белгілеу туралы шешім дайындап жатырмыз. Бұл сәбіз және күнбағыс майы. ӘМАТ-тың барлық басқа түрлері бойынша шекті бағаларды жедел белгілеу бізге қолданыстағы ережелер бермейді», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Алматы әкімі Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов бағаның өсуіне неғұрлым жедел әрекет ету үшін шекті бағаларды енгізу қағидаларына өзгерістер енгізу идеясын қолдағанын атап өтті.

Осыған байланысты Үкімет басшысы сауда және интеграция министрлігіне тиісті тапсырма берген.

«Қазіргі қиын кезде талапқа сай жұмыс жасаулары үшін сауда нүктелеріне жүгінгім келеді. Бізде осы тармақтардың барлығын реттеуге арналған құрал болады. Біз белгілі бір мерзімге барлық бағаларды тоқтатуды шешеміз.Бізге бұл нарыққа қарсы шаралар деп айтуға болады, бірақ нарық жағдайында, егер түрлі бұзушылықтар басталса, біз оған қатаң әрекет етуіміз керек», - деді Алматы әкімі.

Бақытжан Сағынтаев қаладағы «ет дүкендері» жұмысына ерекше назар аударды.

Ол бұрын адамдар еттің жеңілдетілген бағамен сатылатынын білмейтінін атап өтті.

Бірақ бұл туралы хабарланғаннан кейін, адамдардың көпшілігі осы дүкендерге бара бастады.

«Егер мұндай дүкендерді ашу үшін қосымша қолдау қажет болса, онда тиісті өтінімдермен Стратегия мен бюджет басқармасына тиісті өтінім жасау керек. Біз бұл мәселені қарастырамыз, оның үстіне жақын арада бюджетті нақтылауға дайындалып жатырмыз», - деді ол.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT