+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 20 қазан 21:10
Бөлісіңіз:
Алматыда сабақ басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 қыркүйектен бері 2960 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус ауруы 263 мектепте тіркелді. Соның ішінде дәстүрлі білім алып жүргендер ішінен 1737 жағдай анықталды.

Онлайн форматта оқып жатқан 1223 оқушы коронавирус жұқтырған.

«Оқу жылы басталғалы бері 2960 оқушы коронавируспен ауырды. Егер бала ауырып қалса, онда сынып екі аптаға карантинге кетеді. Алғашында ауру өте көп тіркелді. Қазір жағдайды бақылауға алуға тырысып жатырмыз. Соған қарамастан инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Балалар инфекцияны мектепке қарағанда үйде көп жұқтырып жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін Алматы әкімі қала тұрғындарын вакцина алуға шақырған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT