Алматыда «С5+1» диалогы аясында жұмыс тобының отырысы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев бастаған қазақстандық делегация Алматыда «Қоршаған орта және климаттың өзгеруі» және «Қауіпсіздік» жұмыс топтарының отырысына қатысты. Аталған жиындар Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың көпбағыттағы кеңестерінің нәтижесінде «С5+1» форматында ұйымдастырылды.

«С5+1» алаңын ашу туралы шешім Самарқандта 1 қарашада өткен Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ сыртқы саясат ведомстволарының басшыларының кездесуінде шығарылған болатын.

Аталған сұхбат алаңы аясында 3, атап айтқанда, «Қоршаған орта және климаттың өзгеруі», «Қауіпсіздік», «Экономика және аймақтық байланыстар» жұмыс тобы қызмет етті.

Бұл жұмыс топтарының құрамына әр елдің сыртқы саясат ведомствосының, құзырлы мемлекеттік органның, аналитикалық құрылымдар өкілдері кірді.

Айта кету керек, 4 сәуірде Бішкекте «Экономика және аймақтық байланыстар» жұмыс тобының отырысы өтті.

Шара барысында ішкі аймақтық сауданы дамыту, көліктік-транзиттік мүкіндікті арттыру, Орталық Азиядағы әскерлік қатынасты, бизнес-климатты дамыту мәселелері талқыланған болатын.

Алматыда өткен жиын барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін, биологиялық көптүрлілікті сақтау проблемалары, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, балама энергетика ресурстарын дамыту бастамаларын  тілге тиек етті. 

ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қауіпсіздік» жұмыс тобының күн тәртібінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру шаралары, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру, экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу, «С5+1» елдерінің осы бағыттағы ортақ іс-әрекеттері туралы айтылды.

Пікірталас барысында әр елдің делегаттары өзара тиімді шешімдер шығаруға тырысты.

Келісілген жобалар биылғы жылдың ортасында Вашингтонда өтетін министрлер кездесуінде тағы пысықталатын болды.

Соңғы жаңалықтар