Алматыда рулі оңнан сол жаққа ауыстырылған армениялық алғашқы көлік тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қарағанды қаласының тұрғыны Армениядан әкелінген көлігін тіркеді, оның рулі оңнан солға ауыстырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz.сілтеме жасап.

«Қарағанды қаласының тұрғыны Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына «Жолда қабылдау» акциясы кезінде келіп, бұрын рулі оң жақта болған минивэнін тіркеу шарттарымен танысты. Оған ұсыныстар айтылды, нәтижесінде ер адам сынақ зертханасына жүгінді. Сәйкестікке сараптама жүргізілгеннен кейін автокөлік иесіне сынақ хаттамасы толтырылып, осы құжат негізінде қарағандылықтың автокөлігі ресми түрде тіркелді. Сондай-ақ, сары түсті мемлекеттік тіркеу нөмірі мен техникалық паспорт берілді. Айтпақшы, бұл ресми тіркеуден өткен, қайта жабдықталған рульдік жүйесі бар алғашқы көлік құралы», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.


Соңғы жаңалықтар