Алматыда рұқсат етілмеген митингке қатысуға шақырғандар жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғындарды рұқсат етілмеген митингке қатысуға шақырған үгіттеушілерге шара қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше полиция қызметкерлері 1967 жылы туған Н.Г. Әбдірахмановты, мессендже әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды рұқсат етілмеген митингке қатысуға және заңнаманың нормаларын ескермеуге шақырғаны үшін ұстады. Ол адам заңғы қайшы әрекеті үшін жауапкершілікке тартылып, 10 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында рұқсат етілмеген митингке қатысуға үндейтін парақшалар таратқан 1948 жылы туған А. Өтебаеваны ұстады. Әйелден 30 парақша тәркіленді.

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен А.Өтебаеваға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.


Автор: Алма Мұқанова

Соңғы жаңалықтар