USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда рұқсат етілмеген екі ірі қоқыс үйіндісі анықталды

2021 жылғы 21 қазан 04:09
Бөлісіңіз:
Алматыда рұқсат етілмеген  екі ірі қоқыс үйіндісі анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы өндірістік нысандар аумағында екі ірі қоқыс үйіндісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семей көшелерін елік кезіп жүрген Атырау облысында 41,4 млрд теңгенің экологиялық жобалары іске асырылады Жезқазғанда ауа сапасы нашарлайды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше,экологиялық полиция қызметкерлері рейд барысында Жетісу ауданындағы ЖШС бірінің аумағынан құрылыс пен тұрмыстық қалдықтардың үлкен үйіндісін анықтады.

«Бұл факті бойынша, ұйымның директорына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша құқық бұзушылық туралы әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, ЖШС басшылығынан анықталған бұзушылықтарды тез арада жою туралы кепілдік хат алынды», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Дәулетяров.

Осындай заңсыз қоқыс үйіндісін тәртіп сақшылары Алматы қаласының Әуезов ауданы аумағынан да әшкереледі.

«Біздің бөлімше мен әкімдіктің экология бөлімінің қызметкерлері «Ақсай» ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативінде абаттандыру ережелерін бұзу фактісін анықтады. Оның төрағасы әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл мөлшері 30 АЕК», – деп атап өтті Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT