Алматыда «Руханият» жастар әдеби клубының тұсаукесері өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында алғашқы рет «Руханият» жастар әдеби клубының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара Жастар жылына арналды.

Клубтың ашылуына арнайы келген белгілі ақын, жазушы Байбота Қошым-Ноғай кітапхана ұжымына сәттілік тілеп, «оқырман жастар көп болсын» деген ізгі тілегін білдірді.

Бұл шарарның басты мақсаты - танымал жазушылардың мұрасы мен шығармаларын насихаттау.

«Осындай клубтардың ашылуы қазіргі жастарды кітап оқуға ынталандырады және қазақ әдебиетін дамытуға өз септігін тигізеді».- дейді ұйымдастырушылар.
null

Сонымен қатар, клубтың алғашқы кейіпкерлерінің бірі белгілі қазақстандық жазушы, өзінің қайталанбас жазу стилімен танылған «Дарын» мемлекеттік жастар және «Тарлан» сыйлығының лауреаты Дидар Амантай кітап оқудың басты себептерін атап өтті.

«Қазіргі кезде кітап оқитын жастар азайып кетті, оның да өз себептері бар. Алайда бізге кітап не үшін керек?» - деген сұраққа жауап беруіміз керек. Ол адамнын лексикалық қорын байытып, өз ойын еркін жеткізуге, есте сақтау қабілетін арттыруға, ел алдында еркін сөйлеуге мол әсерін тигізеді», - деді Дидар Амантай.
null

Айта кету керек, бұл жастар клубы Алматы кітапханаларында алғашқы болып ашылды. Енді бұл орталық келетін оқушылар өз дүниетанымдарын күнделікті арттыруға, сондай-ақ жаңа авторлардың шығармашылықтарымен танысуға мүмкіндік алып отыр.
null null null

Авторы: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар