Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Алматыда республикалық әкелер форумы өтті

2017 жылғы 20 қазан 12:39 696
Бөлісіңіз:
Алматыда республикалық әкелер форумы өтті

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Бүгін, 20 қазанда Алматыда ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Алматы қаласының әкімдігімен және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп II Республикалық әкелер форумын өткізді.

Алқалы жиында отбасы институтын және отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлін нығайту, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту аясында балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, білімге ұмтылысты өсіруге қоғамның назарын аудару мәселелері талқыланды.

Форумның жұмысына ҚР Парламентінің  депутаттары, ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық қайраткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар үлгілі әкелер - барлық өңірден келген делегаттар қатысты.

 Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен өз сөзінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының арқасында қоғамның рухани-адамгершілік түрленуінің негізгі бағдарлары анықталғандығын атап өтті.

Нақтырақ айтқанда, Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыр» мақаласында: «Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.

«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі - қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл - та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.

Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады», - деп жазған.

Жақында өткен ТМД және ЖЕЭО елдері басшылары Кеңесінің отырысында отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы біріккен мәлімдеменің қабылданғандығы тектен тек емес екенін жеткізді.

Қазақстандықтардың отбасылық дәстүрлерге бейімділігі қоғамда жоғары моральдық құндылықтарды және руханиятты сақтауға ықпал етеді, бұл жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Жарлығымен (2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384) қабылданған Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың тұжырымдамасының бірінші кезеңі іске асырылуда. Тұжырымдамада баланың тәрбиесіндегі қос ата-ананың жауапкершілігін арттыру, соның ішінде жауапты әкелік институтын дамыту және үлгілі әкелерді насихаттау мәселесі алға қойылған.

Қазақстанда 70 белсенді әкелердің күшімен «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды, ол отбасын нығайту бойынша тәжірибелік шараларды іске асырады. 8 аймақта өкілдіктері құрылды, соның ішінде бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларында, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы өкілдіктер белсенді болып табылады, олар әкелік институтты насихаттаумен қатар өңірлерде кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға мекенжайлық көмек көрсету және т.б. сияқты әлеуметтік мәселелерді шешеді. Әкелер одағының өкілдерін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының жанындағы әртүрлі сараптамалық жұмыс топтарына тарту іске қосылды.

 Форум аясында қатысушылар «Ресей Федерациясының әкелер одағы» аймақаралық қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Юрий Соленовтің ұсынған жұмыс тәжірибесімен танысты.

Іс-шараның соңында үздік үлгілі әкелерге Ұлттық комиссияның атынан Алғыс хаттар табыс етілді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT