Алматыда Ресей азаматы кеден арқылы 76 500 еуроны заңсыз алып өтпек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы - Тбилиси» халықаралық әуе бағытына кедендік бақылау жүргізу барысында 76 500 еуроны заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы қолға түсті.

Бұл туралы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсталған азаматтың қол жүгіне тексеру жүргізген кезде кеден органынан жасырын алып өтпек болған 76 500 еуро табылған. Шетел азаматы кеден шекарасынан өту кезінде тәркіленген ақшасын декларацияда көрсетпеген», - делінген хабарламада.

Бүгінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекке қатысты тексеру амалдарын жүргізуде. Тексерудің нәтижесінен кейін процессуалды шешім қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар