Алматыда референдум күні көлік тұрағы тегін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының мәліметінше, 5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді .

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады.

Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады.

Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00- де басталып, кешкі сағат 20:00- де аяқталады.

Соңғы жаңалықтар